Тəуелсіздік күнінде шетелдік әншілер Назарбаевтың əнін орындады
Концерттік нөмір видеосын QAZAQSTAN арнасының басқарма төрағасы Ерлан Қарин әлеуметтік желіде жариялады.
Айта кетейік, «Елім менің» əнінің сөзін Нұрсұлтан Назарбаев, əуенін - Бекболат Тілеухан жазған.
Еске сала кетсек, «Qazaqstan» ұлттық арнасында 30 қыркүйектен бастап «Жібек Жолы Жұлдыздары» жобасы көрсетіліп келеді.
Айта кетерлігі, отандық телевидениеде мұндай деңгейдегі халықаралық музыкалық тележоба бұрын-соңды болмаған. Жобаның негізгі мақсаты - осы арқылы қазақ музыкасын кең тұрғыда насихаттап, шет елдерде таныту.
«Жібек Жолы Жұлдызы» жобасына 9 елдің, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Грузия, Ресей Федерациясының Татарстан, Башқұрстан сияқты елдерінің жарқын жұлдыздары бір сахнада бақ сынасты.