Табиғатты қорғау полициясы басшыларының қызметтері төмендетілді - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ.  Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар  облысындағы  қарағайлы  ормандарды  браконьерлерден  қорғауды әлсіз ұйымдастырғаны  үшін, 
None
None

Павлодар  табиғатты  қорғау прокуратурасының  ұсынысы  бойынша,     кінәлілер  жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда,  маусым  айында    «Ертіс орманы»  мемлекеттік    табиғи резерватында  тексеру  жүргізген     Павлодар    мамандандырылған  прокуратурасы      орман ағаштарын заңсыз  кесудің көптеген  фактілерін анықтаған,  делінген     ведомствоның    баспасөз баянында.

Аталған   қылмыстардың алдын  алу,   оларды   анықтау  және   жолын  кесу  жөніндегі     жауапкершілік  жүктелген табиғатты  қорғау    полициясының     жұмысына жүргізілген  талдау бірегей  қарағайлы  орманны сақтап қалу  жөніндегі жұмыстың әлсіз жүргізіліп отырғанын   көрсеткен.

Нәтижесінде, облыстық табиғатты қорғау полициясының   бөлім бастығы      мен  Шалдай  кенті полициясының   бастығының  қызметтері   төмендетілді.    Шарбақты аудандық  ішкі істер бөлімінің бастығы  мен  оның екі  орынбасары және  Лебяжі  аудандық  табиғатты қорғау  полициясының инспекторы  тәртіптік  жауапкершілікке  тартылды.

Соңғы жаңалықтар