Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны үшін 2008 жылы қазынаға 140 млн. теңгеден астам қаржы өндіріліп алынды

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны үшін 2008 жылы республикалық бюджетке айыппұл түрінде 141,1 млн. теңге өндіріліп алынды.
None
None
Бұл туралы бүгін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жыл қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Алдабергенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, өткен жылы агенттік тұтынушыларлдың құқықтарын қорғау мақсатында 160 сот талқылауына қатысқан. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін Агенттік сыртқы ауа температурасын ескере отырып, тұтынылатын жылу энергиясы үшін төленетін ақыны қайта есептеу жұмысын жүргізді. Бұл ретте тұтынушыларға 230 млн. теңгеден астам қаржы қайтарылды», деді Н. Алдабергенов. Н. Алдабергенов 2008 жылы Агенттік бақылау және талап қою жұмысын күшейткенін атап көрсетті. «Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу фактілері бойынша оларды жою туралы 684 ұйғарым шығарылды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 198 қаулы қабылданды», деді ол.
Соңғы жаңалықтар