Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы ауысты

АСТАНА. KAZINFORM — Тимур Қосымбаев ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Тимур Косымбаев
Фото: Үкімет

— ҚР Премьер-министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Тимур Ернатұлы Қосымбаев Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.

1989 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Лестер Университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Республикалық бюджеттің шығыстарын бақылау бөлімінде іс жүргізушісі болып бастады.

2011–2019 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті құрылымында түрлі лауазымды қызмет атқарды.

20199–2022 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасы Қаржы-экономикалық бөлімінде бюджеттік қаржыландыру секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Серік Төленбергенов Абай облысы әкімінің орынбасары болғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар