18:25, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
Табиғи монополияларды реттеу департаменті монополистерден 60 млн. теңге өндіріп алды
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2010 жылдың қорытындысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті монополистерден 60,2 млн. теңге өндіріп алды.
Бұл туралы бүгін елордада департаменттің алқа мәжілісінде аталмыш департаменттің басшысы Абзал Естаев мәлім етті.
Оның хабарлауынша, өткен жылда департамент 131 тексеру жүргізіп, табиғи монополия заңнамасын бұзу оқиғаларына қатысты 97 нұсқау шығарды. Монополистерге 51 әкімшілік айыппұл салынды. «Жалпы, 2010 жылы департамент 60,264 млн. теңге көлеміндегі айыппұлдарды өндіріп алды», - дейді департамент директоры А.Естаев.