14:35, 18 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен мемлекеттерге көмек көрсету жөніндегі ТМД-ның Резерв қорын құру туралы Келісім жобасы мақұлданды
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Сарапшылар тарапынан Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен мемлекеттерге көмек көрсету жөніндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Резерв қорын құру туралы Келісім жобасы мақұлданды.

Бұл туралы шешім жобаны аяқтау және оны үйлестіру жөніндегі сарапшылар тобының отырысы барысында қабылданды. Отырысқа Армения Республикасының, Беларус Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының уәкілетті өкілдері мен сарапшылары, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.