Табыс салығы: блогерлер миллиардтаған кірісін көрсете бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Табысын төмен көрсетіп салықтан жалтарған қазақстандық блогерлер кірісін растап, салық төлей бастады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті.

Табыс салығы: блогерлер миллиардтаған кірісін көрсете бастады
Фото: freepik.com

- Бүгінде 50-ден астам блогер 2,5 миллиард теңгеден астам кірісін көрсетті. Олар бойынша салық төленді. Қалғандары бойынша әлі уақыт бар, 30 жұмыс күні берілді. Наурыз айының соңына дейін тексеру жүргізіп, ақпаратты ұсынамыз, - деп қысқа қайырды Ержан Біржанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Айта кетсек, ақпаннан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті табысын төмен көрсеткен 594 блогерге қатысты 53,3 млрд теңгенің хабарламасын жібере бастады. Тексеру, салыстыру қорытындысы бойынша 594 тұлғаның табысында 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздік анықталған.

Кейін Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір блогерлерге жіберген табыс салығын төлеу туралы хабарламасын қайтарып алды. 

Сондай-ақ әлем елдерінде блогерлер қандай салық төлейтіні туралы шолу жасаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар