Табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау біздің ұрпақтың парызы - Н.Назарбаев
«Ұланғайыр жері бар, ұлы мұраты бар, елі бар, бабалары жазған ұлы тарихы мен ұрпағы бар, көз тіккен ұлы болашағы бар менің халқым - Ұлы халық. Сол халықтың Тұңғыш басшысы болу бақыты маған тигеніне тәубә деймін», - деді Н.Назарбаев. Бұл ретте Елбасы Тәуелсіздікті алу үшін қандай қажыр-қайрат керек болса, оны баянды етіп ұстап отыру үшін одан да зор қажыр-қайрат керек екенін еске салды. «Табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау біздің ұрпақтың парызы. 21-ші ғасырдың сын-қатерінен төтеп беріп, ең дамыған елдердің біріне айналу - біздің ортақ жауапкершілігіміз. Біз халқымыздың қаһармандық тарихын жасампаздық тарихына ұластырдық. Әлемдегі ең үлкен елу елдің сапына еніп, қазіргі күні ең қуатты отыз елмен иық тіресуге бет алдық. Рухы биік, еңсесі тік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңілік елдің мәртебесі асқақ болуы үшін бізде бәрі де бар. Ендеше, барды бағалап, дамыта білейік», - деді Мемлекет басшысы.