Табысты IPO-дан кейін акциялардың кірістілігін қамтамасыз ету компанияның маңызды басымдығы болып табылады - Б.Зәкіров

Құнды қағаздарды жария орналастырудың алғашқы тәжірибесі бұл бағдарламаның сұранысқа ие екендігін және оның логикалық жалғасының қажеттігін көрсетті, ол туралы Елбасы ағымдағы жылдың 14 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында еске түсірген болатын. Листингтік компанияның жаңа мәртебесі, инвестициялық жобалар және қаржы көрсеткіштері туралы Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында « ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының орынбасары Болат Зәкіров айтып берді.
- Мәлім болғандай, «Халықтық IPO» бағдарламасын жүзеге асыру қазақстандықтардың «ҚазТрансОйл» акцияларына үлкен сұранысымен есте қалды. Компанияның қарапайым акцияларының кірістілігін қамтамасыз ету бойынша қандай жұмыс жүргізілуде?
- Біздің компания «Халықтық IPO» бағдарламасының алғашқы қатысушысы болды, бұл біз үшін ерекше жауапкершілік болды. Мемлекет басшысы жасаушылар алдына қойған тағы бір міндеті ірі компаниялардың акцияларын иемдену мүмкіндігін халыққа беру және бұл құралды олардың жинақтарын арттыруға, жеке әл-ауқатын көтеруге пайдалану болып табылады. Бұдан бұрын хабарланғандай, IPO «ҚазТрансОйл» аясында Қазақстанның азаматтары да, зейнетақы қорлары да қатысты. Орналастыру қорытындысы бойынша 34 мыңға жуық отандасымыз компания акционері болды, олар 30 млн.-нан астам акция сатып алған.
Акциялар бір акцияға 725 теңге баға бойынша орналастырылған, сұраныс ұсыныстан асып түсті, бұл біз үшін де күтпеген нәтиже болды. IPO-дан кейін тұрақты негізде акционерлеріміздің құрылымын өзгертуді бағалап жатырмыз. Егер орналастырудан кейін компаниямыздың акционерлері тек қана азаматтар мен зейнетақы қорлары болса, екінші қайталама саудаларда акцияларда қазақстандық банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар, шетелдік инвесторлар да сатып ала бастады. Мұның барлығы зейнетақы қорлары өткен жылдың жазынан бастап жүргізіліп жатқан реформалар себебі бойынша саудаға қатыспағанына қарамастан, қазақстандық қор биржасындағы акциялардың жақсы өтімділігін қамтамасыз етті. Листингтік компанияның мәртебесі бізге қосымша жауапкершілікті арттырды және акциялардың кірістілігін қамтамасыз ету компания үшін басты басымдық болып табылады. Сондықтан, біз өндірісіміздің тиімділігін арттыру, шығындарды төмендету үшін жұмыс жасап жатырмыз, ақшалай қаражатты пайдалану бойынша саясатты жетілдіріп жатырмыз. Бүгінгі таңда «ҚазТрансОйл» акциялары өтімді акциялар болып табылады, KASE-дегі сатылатын құралдар арасында өтімділік рейтингісінде біз бірінші орында тұрмыз, биржадағы сауда-саттықтың шамамен 33%-ы бізге тиесілі. 2012 жылдың қорытындысы бойынша біз бір акцияға 75 теңге көлемінде дивидендтер төледік, бұл орналастыру бағасының 10,3 %-ын құрады. Бұдан өзге, 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша биржадағы сауда-саттық «ҚазТрансОйл» акцияларына бір акцияға 914 теңге бағамен жабылды, бұл орналастыру бағасына 26 пайыздық өсім береді. Айта кету керек, Forbes журналында жарияланған рэнкинг қорытындысы бойынша жақында Қазақстан компанияларының беделдік рейтингісінде біздің компания 4-ші орынды иеленді. Бұл жоғары позиция және компанияның танымалдығын арттыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстың нәтижесі деп ойлаймын. Адамдар біздің қызметімізге қызығушылық танытады, бұл да «Халықтық IPO» бағдарламасының нәтижесі. Біз де биржадағы көшбасшылықты сақтауға ұмтыламыз. - Акцияларды сатудан түскен қаражатты қандай мақсатқа жұмсау жоспарланған?
- Өткен жылы бізге Қазақстандағы магистральдік мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор мәртебесі берілді, бұл бізге мұнайды экспортқа шығару саласында еліміздің мүддесін қорғауға, еліміздің магистральдік мұнай құбырларын инновациялық дамытуды қамтамасыз етуге, оларды әлемдік энергетикалық жүйеге ықпалдастыруға мүмкіндік береді. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру маңызды рөл атқарады. Біз IPO-ға шыққанда, бағдарламаны жүргізу аясында халықтан және инвесторлардан тартылатын қаражаттың, бұл шамамен 28 млрд теңге - жаңа жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатынын айтқан болатынбыз. Олар қазір біздің күн тәртібімізде тұр. Солардың бірі - «Қаламқас-Қаражамбас-Ақтау» және «Өзен-Ақтау» учаскелерінде мұнай құбырларының қуаттылығын арттыру. Тағы бір маңызды жоба «Қазақстан-Қытай» мұнай құбыры жүйесін кеңейту болып табылады. 2013 жылы «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбырының қажетті өтеу мүмкіншілігін жылына 20 миллион тоннаға дейін арттыру бойынша жоба аяқталған. Биылғы жылы Атыраудан бастап Кеңқияққа дейін, Кеңқияқ-Құмкөл және Құмкөл-Атасу учаскелерін одан әрі дамытуға көшуді жоспарлап отырмыз. Аталған жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы жасау аяқталған және біз жүзеге асыру кезеңінде бұл жұмысты жалғастыратын боламыз. Жалпы, «ҚазТрансОйл» мұнай құралдарының жүйесі мұнай компанияларына мұнайды бірқатар бағыт бойынша тасымалдау мүмкіндігін ұсынады. Бұл, әрине, Қазақстанның мұнай өндіру зауыттарына жеткізілімдер, «Атырау-Самара» бағыты бойынша және әрі қарай Трансмұнай жүйесі бойынша әлемдік нарықтарға, Қара теңізге, Балтық теңізінің порттарына, еуропалық нарықтарға жөнелтімдер. Бұдан өзге, Каспий құбыры бойынша Атырауға мұнай жеткізуді жүзеге асырамыз, Қытай бағытында мұнай тасымалдауды қамтамасыз етеміз, сондай-ақ Ақтау портында мұнайды одан әрі Бакуге және Махачкалаға танкерлер арқылы тиеп жібереміз. Сондықтан, мұнай компанияларында бүгінгі таңда таңдау бар, магистральдік мұнай құбырларының қуаттылығы қажеттілігіне сәйкес келеді. Қазақстанда мұнай өндіру көлемдері артатынын ескерсек, экспорттық бағыттарды дамыту қажет және біз үшін маңызды басымдықтардың бірі Қытай бағыты болып табылады.
- Компанияның тарифтік саясаты туралы не айтуға болады? Мұнай тасымалдауға тарифтерді арттыру күтілуде ме?
- «ҚазТрансОйл» монополия субъектісі болып табылады, сондықтан компания тарифтерін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бекітеді. Өткен жылы ТМРА 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекетке енгізумен ішкі нарыққа 50% тасымалдау үшін тарифтерді арттыру туралы шешім қабылдады. Аталған шешім биылғы жылы нәтижелерімізді сақтауға жағымды әсер етеді. Бұдан өзге, теңге бағамыныңа түзету енгізуге байланысты біз экспортқа тарифтерді арттыру мәселесін зерттейміз. Бұл ішкі нарықтағы тарифтерге әсер етпейтінін және еліміздің ішінде мұнай өнімдерінің бағасына ешқандай әсері болмайтынын айта кеткім келеді.
- 2013 жылдың қорытындысы бойынша компанияның негізгі қаржы және өндіруші көрсеткіштерін жариялауға бола ма?
- 2013 жылы бізде өндіруші, қаржы көрсеткіштерінің өсімі байқалды. Егер шоғырландырылған өндіруші көрсеткіштер туралы айтар болсақ, 2013 жылы мұнай тасымалдау көлемі 67,2 миллион тоннаны құрады, бұл өткен жылдың көлемдерінен 2%-ға артық. Сонымен бірге, мұнайдың жүк айналымы 8%-ға өсіп, 45,5 млрд тонна-километрді құрады. Бұдан өзге, Маңғыстау және Атырау облыстарының тұтынушыларына Еділ суының тасымалын қамтамасыз етеміз. Өткен жылы біз 23 млн куб метрден астам суды тасымалдадық, бұл өткен жылдың деңгейіне 3% өсімді құрады. Егер қаржы нәтижелері туралы айтар болсақ, жеке алғанда «ҚазТрансОйл» бойынша 2013 жылға кіріс 2012 жыл деңгейіне 35% өсіммен шамамен 168 млрд теңгені құрады, ал компанияның таза кірісі екі еседен астамға артып, 53,9 млн теңгені құрады.