Таэквондодан әлем чемпионаты: Батырхан Төлеуғали жартылай финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Кения астанасы Найроби қаласында өтіп жатқан таэквондодан 21 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатында Батырхан Төлеуғали (87 келі) жартылай финалға жолдама алды.

спорт
Фото: Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы

Отандасымыз ширек финалда аустралиялық Стюарт Джоубты 2:0 есебімен жеңді. Оған дейін Батырхан грекиялық Домпас Фотиості дәл сондай есеппен тізе бүктірген еді.

Батырхан Төлеуғали 2026 жылы 25 шілдеде дүниеге келген. Қазірге дейін 2022 жылы жасөспірімдер арасында қола жүлдегер болса, 2022, 2023 жылдары Азия чемпионы атанды. 
Оның алдағы қарсыласы – бейтарап елдің өкілі Владислав Будин. 

Айта кетсек, бүгін ел құрамасынан Ақбота Желеу (46 келі), Аяулым Асқар (62 келі), Арсылан Ерментаев (68 келі) қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. 

Қазірге дейін Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) еліміздің атынан 21 жасқа дейінгілер арасында тұңғыш рет әлем чемпион атанды.

Сондай-ақ қазақстандық Тамерлан Тілеулес (63 келі)қола жүлдегер болды.

Дүниежүзілік дүбірлі дода 3-6 желтоқсан аралығында өтіп жатыр. Онда ел намысын 16 спортшы қорғауға мүмкіндік алды.

Соңғы жаңалықтар