Таэквондодан әлем чемпионатына еліміздің атынан кімдер қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – Уси қаласында (Қытай) 24-30 қазан күндері таэквондодан (WT) ересектер арасында әлем чемпионаты өтеді. 

Таэквондодан әлем чемпионатына еліміздің атынан кімдер қатысады
Фото: Olympic.kz

Дүниежүзілік біріншілікке әлемнің 179 елінен 991 спортшы тіркелген. Онда еліміздің атынан 16 спортшы сайысқа түседі.

Ерлер құрамасында Бекзод Қадырқұлов (54 келі), Тамирлан Тілеулес (58 келі), Самирхон Абабакиров (63 келі), Дамир Шүленов (68 келі), Бекасыл Ергеш (74 келі), Батырхан Төлеуғали (80 келі), Нұрлан Мырзабаев (87 келі) және Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) сынға түседі.

Ал әйелдер құрамасынан Айдана Құмартаева (46 келі), Нодира Ахмедова (49 келі), Азиза Қаражанова (53 келі), Мария Севостьянова (57 келі), Айша Әділбеккызы (62 келі), Нұрай Хусаинова (67 келі), Назым Махмутова (73 келі) және Евгения Каимова (73 келіден жоғары) сынды спортшыларға сенім артамыз.

Айта кетсек, Қазақстан 2027 жылы таэквондодан әлем чемпионатын Астанада өткізуді жоспарлап отыр. 

Соңғы жаңалықтар