Таеквондодан Kazakhstan Open: Қазақстан ересектер құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады

АСТАНА.KAZINFORM – Астанада таеквондодан халықаралық рейтингтік Kazakhstan Open 2025 турнирінің алғашқы жарыс өз мәресіне жетті.

Таеквондодан Kazakhstan Open: Қазақстан ересектер құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы

Ересектер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасының көшбасшылары, соның ішінде Париж Олимпиадасының қатысушылары Самирхон Абабакиров (–63 кг) күміс медаль, Батырхан Төлеуғали (–80 кг) чемпион атанды.

Елорда төрінде 22 елдің спортшысы сынға түсіп, 16 салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салды. Бірінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 38 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты. Ал Тунис командасы екінші, Түркия құрамасы үшінші орынды иеленді.

Таеквондодан Kazakhstan Open: Қазақстан ересектер құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:

Ерлер

-54 кг

1. Еркебұлан Еңсегенов (Қазақстан)

2. Бегзод Қадырқұлов (Қазақстан)

3. Теміржан Тасқын (Қазақстан)

3. Әзірет Дүйсенбек (Қазақстан)

-58 кг

1. Жавохирхон Исламов (Қазақстан)

2. Елдос Ысқақ (Қазақстан)

3. Георгий Гурциев (AIN)

3. Асқар Өтеген (Қазақстан)

-63 кг

1. Мұхамед Халил Джендуби (Тунис)

2. Самирхон Абабакиров (Қазақстан)

3. Омар Ясер Исмаил (Палестина)

3. Номан Хан (Пәкістан)

-68 кг

1. Нұрбек Ғазез (Қазақстан)

2. Фарес Бужема (Тунис)

3. Хикматулла Заин (Ауғанстан)

3. Ізят Қасанов (Қазақстан)

-74 кг

1. Ергеш Бекасыл (Қазақстан)

2. Ерасыл Орынбасар (Қазақстан)

3. Кирилл Панасенков (AIN)

3. Артем Бабахин (AIN)

-80 кг

1. Батырхан Төлеуғали (Қазақстан)

2. Абдурахмон Марипов (Қазақстан)

3. Тимур Гатилатуллин (AIN)

3. Раман Туравинау (AIN)

-87 кг

1. Мотаз Ифаоу (Тунис)

2. Фирас Катуси (Тунис)

3. Александр Пряжников (AIN)

3. Нұрқанат Қожахмет (Қазақстан)

+87 кг

1. Бейбарыс Қаблан (Қазақстан)

2. Артем Плонис (AIN)

3. Бауыржан Хасенов (Қазақстан)

3. Хамза Омар Саид (Пәкістан)

Әйелдер

-46 кг

1. Айдана Құмартаева (Қазақстан)

2. Тоғжан Өмірзақ (Қазақстан)

3. Ду Цзя (Қытай)

3. Ли Сыюн (Қытай)

-49 кг

1. Айша Зогби (Тунис)

2. Рита Бакишева (Қазақстан)

3. Таңжұлдыз Тұрымбетова (Қазақстан)

3. Нұрай Бауыржанова (Қазақстан)

-53 кг

1. Нодира Ахмедова (Қазақстан)

2. Азиза Қаражанова (Қазақстан)

3. Айдана Сүндетбай (Қазақстан)

3. Сила Ирмак Узунчжавдар (Түркия)

-57 кг

1. Чайма Туми (Тунис)

2. Мария Севостьянова (Қазақстан)

3. Альмира Қанат (Қазақстан)

3. Юлия Витько (AIN)

-62 кг

1. Масгуни Вафа (Тунис)

2. Айша Әділбекқызы (Қазақстан)

3. Алейна Сенюрт (Түркия)

3. Камила Аймұқашева (Қазақстан)

-67 кг

1. Нұрай Хұсайынова (Қазақстан)

2. Аяжан Сапархан (Қазақстан)

3. Аида Тәукенова (Қазақстан)

3. Бексұлу Қолбаева (Қазақстан)

-73 кг

1. Назым Махмұтова (Қазақстан)

2. Анна Пеконкина (AIN)

3. Хоңдан Дин (Қытай)

3. Дария Манасқызы (Қазақстан)

+73 кг

1. Судэ Ярен Узунчжавдар (Түркия)

2. Меруерт Ткебаева (Қазақстан)

3. Евгения Каимова (Қазақстан)

3. Ақсәуле Ерқасымова (Қазақстан)

Таеквондодан Kazakhstan Open: Қазақстан ересектер құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы

Жарыс 16 тамызға дейін жалғасады. Бәсекенің екінші күнінде даянгке жасөспірімдер (юниорлар) шығып, Kazakhstan Open 2025 турнирінің жүлделері мен рейтингтік ұпайлары үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықтылар күш сынасады.

Естеріңізге сала кетсек, байрақты дода ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында өтуде.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан таэквондо федерациясының президенті Құдірет Шәмиев елімізде 75 мыңға жуық адам таэквондо спортымен айналысатынын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар