Таеквондодан Қазақстан құрамасы АҚШ-тағы турнирге қатысады

АСТАНА. KAZINFORM –  Таеквондодан (WT) Қазақстан ұлттық құрамасы 13-15 маусым аралығында АҚШ-тың Шарлотт қаласында өтетін World Taekwondo Grand Prix Challenge халықаралық турнирінің алғашқы кезеңіне қатысады.

Таеквондодан Қазақстан құрамасы АҚШ-тағы турнирге қатысады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АҚШ-та Қазақстан намысын 7 таеквондошы қорғайды. Олардың қатарында Темірлан Тілеулес (58 келі), Бектөре Оралханов (58 келі), Төлеуғали Батырхан (80 келі), Нұрбек Газез (68 келі), Нұрай Хұсайынова (67 келі), Нодира Ахмедова (49 келі), Рита Бәкішева (49 келі) бар.

Әр салмақ дәрежесінде үздік үштікке енген спортшылар 2026 жылы Рим қаласында өтетін World Taekwondo Grand Prix сериясының алғашқы кезеңіне тікелей жолдама алады.

Айта кетсек, турнирге әлемнің 44 елінен 376 спортшы қатысады деп жоспарланған.

Еске салсақ, таэквондодан Гран-придің финалдық кезеңі 2026 жылы Алматы қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар