Таэквондодан Қазақстан құрамасы әлем кубогына қатысады

АСТАНА. KAZINFORM - Таэквондодан Қазақстан (WT) құрамасы Оңтүстік Кореяда өтетін командалық әлем кубогына қатысады.

Таэквондодан Қазақстан  құрамасы әлем кубогына қатысады
Фото: ҚТФ

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында 7-9 шілде аралығында «Chuncheon 2025 World Cup Team Championships Series» турнирі өтеді. Бұл командалық жарыс - таэквондодан (WT) өтетін халықаралық деңгейдегі басты турнирдің бірі. Жыл сайын аталған додаға әлемнің түкпір-түкпірінен үздік құрамалар қатысады.

Аталған жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасы қатысады. Олардың қатарында Ергеш Бекасыл, Қанат Альмира, Асқар Аяулым, Тәукенова Аида, Аймұқашева Камила, Марипов Абдрахман, Ғаниев Мерген, Газез Нұрбек бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстандық спортшылар таэквондодан Аустриядағы турнирде төрт медаль алды. 

Қазақстан жасөспірімдер мен жастар құрамасы халықаралық додадан 1 алтын, 3 қола жүлде жеңіп алды.

Ел құрамасынан Мирас Пазылов (33 келі) жеңіс тұғырына көтерілсе, Ралиф Сазазов (49 келі), Әлихан Өмірәлі (57 келі) мен Айгерім Бекжанқызы (68 келі) қола медальға қол созды.

Соңғы жаңалықтар