Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Таеквондодан Пәкістандағы Президент кубогында Қазақстан екі қола медаль иеленді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Пәкістанның Лахор қаласында таеквондодан дәстүрлі «Президент кубогы» халықаралық турнирі басталды.

Таеквондодан Пәкістандағы Президент кубогында Қазақстан екі қола медаль иеленді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан қоржынына 2 медаль түсті. Әйелдер арасында 49 кг дейінгі салмақта сынға түскен екі спортшымыз - Рита Бакишева мен Нұрай Бауыржанова қола жүлдегер атанды. Отандастарымыз аса тартысты өткен жартылай финалда қарсыласқа жол берді.

Айта кетейік, биылғы дүбірлі додаға әлемнің 49 елінен 427 спортшы қатысып жатыр. Жарыс 20 тамызда мәресіне жетеді. Қазақстан командасы сапында 15 таеквондошы бақ сынайды.

Еске салсақ Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Таиландтағы Гран-при кезеңінде өнер көрсетеді