Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Азиаданың финалына шығу үшін күреседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Батырхан Төлеуғали
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында қытайлық Сян Цичжанмен кездесті. Нәтижсінде Төлеуғали 2:0 есебімен басым түсті.

Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін Тамирлан Тілеулес (58 келіге дейін) жартылай финалға өткен еді.