Тамирлан Тілеулес Азия ойындарының жартылай финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Отандасымыз 58 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Иран өкілі Абольфазл Зандиагуримен кездесті.
Жекпе-жекте Тамирлан 2:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға өтті.
Осылайша, қазақстандық спортшы кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.
Бұдан бұрын Болатбек Сейілхан джиу-дитсудан Азиаданың қола медалін алғанын жазған болатынбыз.