Таэквондошы Батырхан Төлеуғали U21 санатында әлем чемпионы болды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық спортшы Батырхан Төлеуғали (87 келі) Найробиде (Кения) өтіп жатқан таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атағына қол жеткізді. 

Таэквондошы Батырхан Төлеуғали U21 санатында әлем чемпионы болды
Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы

Финалда ирандық Мохаммед Ализадені тізе бүктірді. Оған дейін отандасымыз аустралиялық Стюарт Джоубты, бейтарап елдің өкілі Владислав Будинді айқын басымдықпен жеңді. 

Осылайша таэквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын екі алтын, бір қола жүлдемен аяқталды. Осыған дейін Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) жеңімпаз атанса, Тамерлан Тілеулес (63 келі) қола жүлдеге қол жеткізген еді. Мұндай көрсеткіш осыған дейін Қазақстан таеквондо (WT) тарихында тіркелмеген. 

Таэквондо
Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы

Айта кетсек, бүгін ел құрамасынан Ақбота Желеу (46 келі), Аяулым Асқар (62 келі), Арсылан Ерментаев (68 келі) қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. 

Кенияда өткен әлем чемпионатында 75 елден 500-ге жуық даянг шебері өзара бақ сынады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін таэквондодан әлем чемпионатында Батырхан Төлеуғали жартылай финалға шыққанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар