Таэквондошы Батырхан Төлеуғали жазғы Универсиадада қола алды
АСТАНА. KAZINFORM - ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада таеквондодан Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті.

Дүниежүзілік додада Батырхан Төлеуғали (80 келі) жартылай финалда Оңтүістік Корея өкіліне есе жіберіп, қола медальға қол жеткізді.
Сондай-ақ ел құрамасынан Темірлан Тілеулес (58 келі) үздік үштіктен көрінді.
Айта кетсек, бүгін Нодира Ахмедова (49 келі) қола жүлдегер атанған еді.
Ал 19 шілдеде ел құрамасынан көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы үздік үштіктен көрінсе, таэквондошы Дамир Шуленов (68 келі) Қазақстан қоржынына екінші қола медальды салды.
Байрақты бәсекеде ел намысын 12 спорт түрі бойынша 76 спортшы қорғайды.
Дүниежүзілік дода 16-27 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур өңірінде өтеді.
Айта кетейік, 2023 жылы Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды. Ең жоғары нәтиже 2013 жылы Қазан қаласында өткен Универсиадада тіркелді. Мұнда спортшылар 30 медаль еншілеген болатын.