Таеквондошы Самирхон Абабакиров 2025 жылғы Универсиадада екінші медалін жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Таеквондодан Қазақстан құрамасы Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Универсиадада өнер көрсетуін аяқтады.

Таеквондо
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, соңғы күні ұлттық құрама екі жүлдеге ие болды.

Әйелдер құрамасы жарыстың командалық бөлімінде үшінші орынға ие болды. Ел қоржынына медаль салған спортшылар: Мария Севостьянова, Айша Әділбекқызы және Нұрай Хусвинова.

Сондай-ақ Қазақстан аралас командалар арасында да үшінші орынды еншіледі. Жүлдегерлер қатарында: Самирхон Абабакиров, Қаблан Бейбарыс, Назым Махмұтова және Айдана Сүндетбай.

Айта кетейік, бұған дейін Абабакиров жекелей сында алтын медаль жеңіп алған болатын.

Таеквондошылар Универсиаданы 1 алтын және 7 қола медальмен аяқтады.

Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түскенін жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар