Таэквондошы Самирхон Абабакиров: Үлкен жеңістермен қуантқым келеді

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform тілшісі XXXII Дүниежүзілік Универсиада ойындарында чемпион атанған қазақстандық таэквондошы Самирхон Абабакировты әңгімеге тартқан еді.

Таэквондошы Самирхон Абабакиров: Үлкен жеңістермен қуантқым келеді
Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы

— Самирхон, сені жоғары табысыңмен құттықтаймын. Жарыс барысында өзіңді қалай сезіне білдің? Қарсыластарыңды зерттей алдың ба?

— Спортшы әрбір жарысқа дайындықпен аттанады. Ол үшін қаншама тер төгуге тура келеді. Мен де сол жолдан өттім. Дүниежүзілік додада алдыма үлкен мақсат қойдым. Бапкерлердің ақыл-кеңесіне құлақ астым. Олардың тактикасын орындауға тырыстым. Әрбір қарсыласыммен жекпе-жекте сенімді ойын көрсетуге көңіл бөлдім.

Десе де ешқайсысы маған оңайға соққан жоқ. Олардың арасынан тунистік спортшыны атап өтуге болады. Аталған қарсыласыммен бұдан бұрын да кездескен едім. Тәжірибем жетіспеді ме, екі мәрте жеңілістің ащы дәмін таттым. Бұл жолы менің жолым болды. Осы жолы өзіме сенімді ойын көрсеттім. Бапкерлер барлық ақыл-кеңесін айтты. Финалда жақсы жекпе-жек өткіздім.

— Универсиадаға дайындық барысы қалай болды? Қанша уақыт дайындық жасадың?

— Дүбірлі дода алдында менің аздаған жарақатым бар еді. Соған қарамастан бапкерлер кеңесіне, дайындығыма көңіл бөлдім.

— Алдағы мақсатың қандай?

— Енді күзде таэквондодан ересектер арасында әлем чемпионаты өтеді. Соған қатысуға ниет жасап отырмын. Оған дайындықты өз деңгейінде жүргіземін деген ойдамын. Біз үшін әрбір жарыс — үлкен жауапкершілік. Елдің сенімін ақтауға тырысамыз.

— Универсиадада жеңіс төрінен төрінен көрінгенде сені ең алдымен кім құттықтады?

— Қашан да мен үшін ата-анамның қолдауы ерекше. Бұл жолы да сол үрдістен жаңылған жоқ. Жеңіске жеткен сәтте олар өздерінің лебізін білдіріп жатты. Жақындарым да сол лебізге қосылды. Менің отбасымда ата-әжем, әкем мен анам, ағам мен қарындасым бар. Отбасымда менен басқа қарындасым спортпен айналысады.

Өзімнің сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін болмас. Туған елімнің туын биікке көтергеніме қуаныштымын. Бапкерлер дайындығымызды ұдайы қадағалайды. Қазірге дейін Қазақстан чемпионатында топ жарған едім.

— Спортпен айналысқысы келетін жас өрендерге қандай кеңес берер едің?

— Әрбір спорттың өз қиындығы болады. Бала кезімнен өзім таэквондоны таңдадым. Бұл спорт түрі өзіме ұнайды. Тоғыз жасымнан таэквондоның қыр-сырына қанығып келемін. Алғаш рет үйірме есігін Шымкент қаласында ағам екеуіміз ашқан едік.

Еске салсақ, бұдан бұрын таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтановты әңгімеге тартқан едік.

Таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы XXXII Дүниежүзілік Универсиада ойындарын 1 алтын, 7 қола жүлдемен аяқтады.

— Универсиадаға дайындыққа көңіл бөлдік. Оқу-жаттығу жиыны Алматы облысында өтті. Онда спортшылармен жеке бапкерлерімен келді. Алдын ала жоспарымыз бойынша кемінде үш медальға қол жеткізуді мақсат еттік. Шәкірттерім намысқа тырысты. Қоржынымызға жеті медаль түсті.

Құрама сапынан Самирхон Абабакиров алтын алса, Дамир Шүленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Каблан және Нодира Ахмедова қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ еліміздің таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері болды. Құрама сапында Бейбарыс Қабылан, Самирхон Абабакиров, Айдана Сүндетбай және Назым Махмудова сынға түсті.

Универсиада жоғары деңгейдегі спорттық шара екені белгілі. Соған қарамастан олар жарыс барысында жинақы қимыл көрсетті. Жүлделі орындардан көрінді.

Еске салсақ, таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы XXXII Дүниежүзілік Универсиада ойындарын 1 алтын, 7 қола жүлдемен аяқтады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум