Тағы бір өзбек боксшысы Астанадағы кеште шаршы алаңға шығады
АСТАНА. KAZINFORM — The Ring Magazine нұсқасы бойынша 2024 жылдың ең үздік жекпе-жек номинанты, өзбекстандық кәсіпқой боксшы Отабек Холматов (12-1, 11 КО) Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығады.

Ringkz.com сайтының хабарлауынша, өзбекстандық боксшы 5 сәуір күні өтетін Жәнібек-Анауэль айқасы андеркартында жұдырықтасады, оның қарсыласы 34 жастағы филиппиндік Джейсон Каной Манигос (30-12, 2 КО).
26 жастағы Холматов 2024 жылы WBA әлем чемпионы титулына үміткер болған. Бірақ америкалық Рэймонд Фордқа (16-1-1, 8 КО) қарсы тартысты кездесуде жеңіліп қалды.
Қазіргі уақытта ол WBA рейтингінде 57,2 кг дейінгі жартылай жеңіл салмақта 3-орында тұр.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған Баходир Жалолов (14-0, 14КО) Астанада кезекті жекпе-жегін өткізеді.