Алматыда жас жігіт көпқабатты үйден құлап, мерт болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 26 жастағы жігіт көпқабатты үйден құлап, оқиға орнында көз жұмды.

Суицид
Фото: t.me/almaty_my

Оның суреті әлеуметтік желіде тарады.

Ондағы мәлімет бойынша, қайғылы жағдай Бостандық ауданында орналасқан « Өркен» тұрғын үй кешенінде болған. 

Бұл ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады.

— Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету») бойынша, Бостандық аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. 26 жастағы жігіттің өлімінің себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматыда 20 жастағы бойжеткенің биіктен құлап, мерт болғаны туралы жазған едік.

Былтыр Алматыда көпқабатты үйден екі жасөспірім қыз құлап, көз жұмған болатын.

Соңғы жаңалықтар