Тағы үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Акционерлік қоғамның Telegram арнасы таратқан ақпараттарға қарағанда, бүгін сағат 19:00-де Қостанай облысында күннің бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» автожолының 686-729 шақырым аралығында (Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 10 қараша сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Сондай-ақ сағат 20:00-де Ұлытау облысында республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл» автожолының 136-252 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жол 10 қараша күні сағат 09:00-да ашылады деп жоспарланып отыр.
Ал бүгін сағат 20:00-де Ақмола облысында мына автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
1. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» 72-82 км, Ақсай ауылынан Бұзылық ауылына дейін;
2. «Жезқазған-Петропавл» км 377-536, Қостанай облысының шекарасынан Бұзылық ауылына дейін.
2024 жылғы 10 қарашада сағат 09:00-де жолдарды ашу жоспарланған.
Осыған дейін бірнеше республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы хабарладық.