10:24, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Тағы бірнеше бағыттар бойынша жолдар жабылды
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Қаңтардың 11-і күні кешкі сағат 20.40-тан бастап, бұрқасынның салдарынан көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысынан шығатын тағы бірқатар бағыттар бойынша қозғалыс шектелді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ТЖМ-ның мәлім еткеніндей, ауа-райының қолайсыз болуы себепті көліктің барлық түрлері үшін «Өскемен-Самар-Көкпекті», «Өскемен-Қалбатау-Көкпекті-Зайсан» тас жолдары жабылды. Айта кетейік, аталмыш бағыттар бойынша қозғалыс өткен дүйсенбі, қаңтардың 10-ынан бастап шектеулі.
Төтенше жағдайлар министрлігі сондай-ақ, «Өскемен-Қалбатау-Аягөз» және «Өскемен-Зырян-Рахман кілттері» автожолдарына шығуға тыйым салып отыр.