07:23, 09 Желтоқсан 2022 | GMT +6
Тағы бірнеше өңірде оқушылар онлайн оқуға көшірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты тағы екі өңірде бірінші ауысым оқушылары үшінбілім беру қашықтан оқу форматына көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Семей қалалық білім бөлімінің мәліметінше, таңғы ауысымдағы 0-4 сыныптар онлайн оқиды.
Павлодар қаласында -31 градус аязға байланысты мектепке дейінгі оқушылардың, 1-9 сынып оқушыларының сабағы қашықтан өткізіледі.
Жезқазған қаласында 0-4 сынып оқушылар үйден білім алады.
Еске салайық,Астанада бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары да 9 желтоқсанда мектепке бармайды. Елорда мектептерінде осы апта басынан сабақтар онлайн өтіп келеді.