14:07, 11 Маусым 2023 | GMT +5
Тағы екі елдімекенде өрттің жаңа ошағы табылды – ТЖМ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігі Семей орманындағы алапат өртпен күрес жұмыстары бойынша соңғы мәліметті бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
«Бүгін тікұшақпен барлау нәтижесінде жағдайдың тұрақталғанын көрдік. Бірақ екі елдімекенде өрттің жаңа ошағы анықталды. Онымен күреске жеке құрам мен бүкіл техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, тікұшақпен су шашу жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылып жатыр», - дейді ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.
Оның айтуынша, кеше және алдыңғы күнге қарағанда жел күшейіп кетті.
«Қаттың желден баяу жанып жатқан өрт ошақтарынның қайта күшею қаупі бар. Бар күш жұмылдырылып жатыр, жағдай бақылауда», - дейді ТЖМ өкілі.
Президент Абай облысында өртенген орман алқабын тікұшақпен аралап шықты.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 12 маусымды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.