Таиланд астанасы Бангкокта жол опырылып, 50 метрлік ойық пайда болды

АСТАНА. KAZINFORM — Таиландтың астанасы Бангкокта мемлекеттік аурухананың ғимаратының алдындағы жол опырылып, тереңдігі 50 метрге дейін және ені 30 метрге жететін алып шұңқыр пайда болды, деп жазды Анадолы агенттігі. 

Таиланд астанасы Бангкокта жол опырылып, 50 метрлік ойық пайда болды
Фото: Анадолы

Bangkok Post газеті хабарлағандай, бұл апат кезінде екі электр бағаны мен полиция көлігі шұңқырға құлаған.

Оқиға болған аумаққа апаратын жолдар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жабылған.

Ауруханаға амбулаторлық науқастарды қабылдау тоқтатылды, ал шамамен 3500 стационарлық науқас эвакуацияланды.

Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаның себептері тергеліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Таиланд билігі Бангкокта құтырма індетінің таралуы туралы ескерткен болатын.

Соңғы жаңалықтар