Таиланд билігі Бангкокта құтырма індетінің таралуы туралы ескертті

АСТАНА. KAZINFORM — Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының құтырмамен күрес бөлімшесі Таиланд астанасы Бангкоктың тоғыз ауданында және оған жақын Самутпракан провинциясында құтырма індеті тіркелгеннен кейін ескерту жариялады, деп хабарлайды  The Nation

Таиланд билігі Бангкокта құтырма індетінің таралуы туралы ескертті
Фото: x.com/@pattaya_now

Мал шаруашылығын дамыту департаменті шұғыл түрде Бангкок пен Самутпраканның кейбір аудандарын уақытша эпидемиялық аймақ деп жариялап, ит, мысықтарды және басқа да сүтқоректілерді тасымалдауға 30 күндік тыйым салды.

Бұл бұйрық 8 қазанға дейін күшінде болады. Індет адамдарға, ит, мысықтарға, ірі қараға, буйволдарға және басқа да сүтқоректілерге таралуы мүмкін елеулі қауіп ретінде жіктелді.

Билік қатаң түрде абай болуға және бұралқы жануарларға жолаудан аулақ болуды ескертті.

Тай PBS телеарнасының дерегінше, 2025 жылдың басынан бері елдің алты провинциясында жеті адам құтырмадан көз жұмды.

Жануар иелері кез келген ауру белгілері туралы 12 сағат ішінде хабарлауға міндетті, ал жануарлардың өлекселері ветеринарлар келгенге дейін қозғалмай қалуы тиіс.

Қаулыны бұзғандарға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және 40 000 бат (1600 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салу түріндегі қатаң жазалар қарастырылған.

Айта кетелік Қостанай облысындағы бір ауылда иттен құтырма дерегі анықталған еді

Соңғы жаңалықтар