Таиланд ЕАЭО-мен еркін сауда туралы келісім орнатуға қызығушылық танытып отыр (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марат Есенбаев Таиландтың коммерция министрі Апиради Тантрапорнмен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Таиландтың арасында 2015 жылы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың аралық қорытындыларын шығарып, 2016 жылы екіжақты, көпжақты форматта өзара ықпалдасудың болашағын талқылады.

Қазақстан Елшісі тай министрін Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпараттандырып, Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауының және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының аясында елдің даму болашағын атап өтті.

А. Тантрапорн «Қазақстан мен Таиланд сауда және инвестициялар саласындағы өзара ықпалдасуды кеңейтудің жоғары әлеуетіне ие» екенін атап өтті. Министр сондай-ақ Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен құттықтап, елдердің арасындағы сауда-экономикалық алмасуды әртараптандыру жұмысын атқару ниетін білдірді.

Тараптар сондай-ақ АСЕАН (Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы) Экономикалық қоғамдастығы және Еуразиялық экономикалық одақ аясында серіктестіктің ашылып отырған мүмкіндіктерін талқылады.

Таиландтың коммерция министрі сондай-ақ ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттермен еркін сауда туралы келісім орнату мүмкіндігін талқылауға қызығушылық танытты.

Келіссөздер барысында тараптар екі ел кәсіпкерлеріне байланыстарды орнатуда қолдау көрсету маңыздылығын атап өтті. Әңгімелесушілер ғаламдық экономикалық құлдырау жағдайында бизнестің белсенділігі, серіктестерді іздеу және жаңа жобаларды іске асыру елдер экономикасы өсімінің маңызды қозғалтқышы болатыны туралы ортақ пікір айтты. Осы мақсатта 2016 жылы жаңа сауда-инвестициялық жобаларды одар ары талқылау үшін Қазақстанға сауда миссияларын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар