Таиланд «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы келісімшартқа қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне Таиланд Корольдігінің қатысатындығы туралы келісімшартқа қол қойылды.
None
None

Ұлттық компанияда мәлімдегендей, құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма басшысы Ахметжан Есімов пен Энергетика министрлігінің тұрақты хатшысы - Таиланд ұлттық секциясының комиссары Ареепонг Бхоочаоом қол қойды.  

Кездесу барысында А. Есімов «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізілетін көрменің ұйымдастырылу жұмыстары туралы толығырақ айтып берді. 

«ЭКСПО-2017 дайындық қарқынды жүргізіліп жатыр. Тіпті, биылдың күзінде біз қатысушы мемлекеттерге өздерінің ұлттық павильонын дайындау үшін берілетін болады», - деді өз сөзінде ұлттық компания басшысы. 

Сонымен қатар, А.Есімов көрменің халықаралық ілгерілету мәселесін де қозғады. Бүгінгі таңда 96 мемлекет қатысатындығын растап, 63 мемлекетпен қатысу келісімшартына қол қойылды.

Өз кезегінде, Таиланд ұлттық секциясының комиссары А.Бхоочаоом Қазақстанның Таиланд үшін Орталық Азиядағы маңызды сауда-экономикалық әріптесі екендігін ескере кетті.   

«ЭКСПО»-ға қатысу біздің Корольдік үшін өте маңызды. Көрме біздің мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым-қатынастар үшін ерекше қарқын беретіндігіне сенімдіміз», - деді А. Бхоочаоом.  

Кездесуде тайлықтар Ұлттық күнді атап өту рәсімін 2017 жылдың 12 тамызына бекітуді сұрады. Бұл күні Таиландта Рам ІХ патшасының жұбайы мәртебелі Сирикит патшайымының туған күніне қатысты салтанатты шара ұйымдастырылады. Осы шара аясында тайлық павильон ЭКСПО қатысушыларына арнап мәдени, ойын-сауық іс-шарасын қткізбекші.   

Энергетика министрлігінің тұрақты хатшысы А.Бхоочаоом «жасыл» энергетика саласындағы ең үздік технологияларын көрме барысында әлемге паш ететіндігін атап өтті. Таиланд 2021 жылы баламалы энергия көздерін пайдалану үлесін 25 пайызға дейін өсіруді көздеп отыр. Мемлекеттің биомассаны пайдалану мен дамытуда мол тәжірибесі бар әрі оның энергияға айналуы бойынша Азия-Тынық мұхиты өңірінде лидер ретінде сақталып қалуына ниетті.

Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мақсатында 2013 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі.

Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр. Жалпы алғанда көрмеге 2 миллионнан астам келушілер мен шамамен 5 миллионнан сапарлар болады деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар