Таиланд Камбоджамен шекарада әскери жағдай енгізді

АСТАНА. KAZINFORM — Жұма күні Таиландтың Шекараны қорғау қолбасшылығы Чантхабури мен Трат провинцияларындағы сегіз ауданда әскери жағдай енгізілгенін жариялады, деп хабарлайды The Nation

Таиланд Камбоджамен шекарада әскери жағдай енгізді
Коллаж: Kazinform/ Freepik

— Камбоджа Таиланд аумағына шекара бойымен басып кіру үшін күш пен қару қолданғандықтан, елді сыртқы қауіптен қорғау мақсатында әскер енгізу қажеттілігі туындады, — делінген ресми мәлімдемеде.

2025 жылғы 24 шілдеде Таиланд пен Камбоджа шекарасында авиация мен артиллерия қолданылған қақтығыстар басталды. Екі тарап та қақтығысты бір-бірінен көреді, әрқайсысы қарсыласын арандатушылық әрекеттерге барған деп айыптап отыр.

Таиланд билігі қақтығыс аймағынан 100 мыңнан астам адамды уақытша паналау орындарына эвакуациялағанын хабарлады. Камбоджа тарапынан да 4 мыңнан астам адам шекара маңындағы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Қос тараптан да адам шығыны туралы мәліметтер бар.

Жұма күні Нью-Йорк уақытымен 15:00–де БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Таиланд пен Камбоджа шекарасындағы жағдайға байланысты жабық төтенше отырысы жоспарланған.

Бұған дейін Камбоджа шекарадағы қарулы қақтығысқа байланысты БҰҰ-ны шұғыл отырыс өткізуге шақырған болатын.

Айта кетелік Таиланд Камбоджамен қақтығыс кезінде 14 азаматтың қаза тапқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар