Таиланд Корольдігінің инвесторлар кеңесінің мүшелері Шығыс Қазақстанға келді

ӨСКЕМЕН.  Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ -  Шығыс Қазақстан облыстық әкімінің  орынбасары Григорий  Пинчук   бүгін   аймаққа сапармен келген  Таиланд  Корольдігінің   инвесторлар кеңесінің   мүшелерімен  кездесті, 
None
None

 деп   хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Құрметті   қонақтар    Шығыс Қазақстанға   Қазақстанның инвестициялық сұраныстарын  зерттеу  және  Қазақстан  мен Таиландтың арасында  ынтымақтастық қарым-қатынас орнату  үшін  келіп отыр.

Кеше  олар  Семейде  болды, ал  бүгін  таиландтық   делегация өңірмен   танысу  сапарын Өскеменде жалғастыруда,  олар     құрылыс, ІТ-технологиялар,   мейрамхана индустриясы,  ауыл шаруашылығы өнеркәсібі,  т.б. салалардың   инвестициялық әлеуеттерін  зерттеуде.

 Григорий Пинчук  пен   Таиландтың  инвесторлар  кеңесінің бас  хатшысы Ажарин Пананапанчай  ханым   екі  елдің  де  өзара ынтымақтастық орнатуға деген   мүдделері білдірілген    пікірлермен алмасты.   Дәл қазіргі сәтте жергілікті  кәсіпкерлер   таиландтық    инвесторларға  үш  өңірлік  жобаны таныстыруда.

 Ертең      қонақтар    аймақтың бірқатар  кәсіпорнын,  оның ішінде «Өскемен  құс фабрикасы»  мен  «Ертістрансойл» компаниясын аралайды.

Соңғы жаңалықтар