Таиланд королінің анасы қайтыс болды
АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд королі Маха Вачиралонгкорнның анасы, бұрынғы патшайым Сирикит 93 жасында қайтыс болды. Ол 60 жылдан астам уақыт бойы бұрынғы монарх Пхумипон Адульядеттің әйелі болды, деп хабарлайды ВВС.
Адульядет – Таиланд тарихында ең ұзақ билік құрған патша, ол таққа 1950 жылы отырып, 2016 жылы қайтыс болған. Патшаның Сирикитпен үйлену тойы тәж кию рәсімінен бірнеше апта бұрын өтті. Сирикит болашақ күйеуімен Парижде музыкадан білім алып жүргенде танысқан, әкесі сол кезде Таиландтың Франциядағы елшісі қызметін атқарды.
Сирикит Таиландта үлкен құрметке ие болған. Оның туған күні, 12 тамыз, 1976 жылдан бері елде Ана күні ретінде аталып өтті.
Патша Маха Ваджиралонгкорн Сирикит үшін мемлекеттік жерлеу рәсімін өткізуді бұйырды. Оның денесі Бангкоктағы Ананда-Самакхом тақ залында мемлекеттік деңгейде жерленеді, Таиланд халқы сол жерде оған соңғы құрмет көрсете алады.
Таиланд корольдік отбасы мүшелері бір жыл бойы аза тұтатыны атап өтілді.
Өткен жылы елімізге Таиландтан 5 500 астам мейман келгенін жазған болатынбыз.