Таиландта 15 күндік аза тұту жарияланды
АСТАНА.KAZINFORM - Таиланд королі Маха Вачиралонгкорн үлкен қызы ханшайым Баджракитиябханың қайтыс болуына байланысты 15 күндік ресми аза тұту жариялады, деп хабарлайды ASEAN NOW Thailand.
Үкімет ғимараттарына, мемлекеттік мекемелер мен білім беру мекемелеріне бүкіл ел бойынша туларды жартылай түсіру тапсырылды.
Бұл шешім ханшайымды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланған арнайы Министрлер кабинетінің отырысында қабылданды. Үкіметке жерлеу рәсімі мен патшалық рәсімдердің тиісті құрметпен және барлық дәстүрді сақтай отырып өткізілуін қамтамасыз ету тапсырылды.
Азаматтардан аза тұту кезеңін белгіленген ережелерге сәйкес өткізу сұралды.
Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Премьер-Министрдің Тұрақты хатшысының кеңсесі патшалық жерлеу рәсімдерін бақылау үшін Премьер-Министрдің төрағалығымен комитет құрады.
Естеріңізге сала кетейік, ұзақ уақыт комада жатқан ханшайым Баджракитиябха 47 жасында қайтыс болды.
Ханшайым Баджракитиябха тайлықтар арасында мемлекеттік қызмет және әділет реформасы жобаларымен, әсіресе түрмеде отырған тай әйелдерін босатпас бұрын оңалту науқанын ұйымдастыруымен танымал болды.