13:15, 25 Мамыр 2025 | GMT +5
Таиландта полиция тікұшағы тағы апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар
АСТАНА. KAZINFORM – Таиландтың батысында полиция тікұшағы апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Anadolu Ajansı.

Bangkok Post газетінің хабарлауынша, бортында төрт адам болған тікұшақ Прачуапкхирикхан провинциясының Муанг ауданында апатқа ұшыраған.
Биліктің мәліметінше, үш адам қаза тауып, біреуі тікұшақ құлағанға дейін парашютпен секіріп үлгерген.
Тірі қалған адамның жағдайы және оның орналасқан жері әлі белгісіз.
Апат фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, сәуірде Таиландтың Прачуапхирикхан провинциясының жағалауында полицияның шағын ұшағы апатқа ұшырап, алты қызметкер қаза тапты.
Әуе кемесі Прачуапхирихан провинциясының жағалауында теңізге құлады.