Таиландтағы турнирде Диас Молжігітов финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Thailand Open халықаралық турнирінде Диас Молжігітов (80 келі) финалға шықты.

Таиландтағы турнирде Диас Молжігітов финалға шықты
Фото: Жамбыл облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы

Жартылай финалда ол Омурбек Бекжигитуулуды тізе бүктірді.

Сондай-ақ ел құрамасынан Надежда Рябец (75 келі) пен Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп, финалға жолдама алды.

Ал Бекзат Таңатар (85 келі) ½ финалда қарсыласына есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетсек, 29 мамырда Виктория Графеева (60 келі) ½ финалда филиппиндік Ризо Пасьютті сенімді түрде жеңді. Енді ол финалда қытайлық Ян Чэнъмен алтын медальға таласады.

Оған қоса Виктория Графеева (60 келі) мен Гүлсая Ержан (80 келі) финалға жолдама алды.

Сондай-ақ ел құрамасынан Дулат Бекбауов (65 келі), Данияр Рахымбердиев (90 келі) пен Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Дәстүрлі турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өткізіліп жатыр. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар