Таиландтағы турнирде қазақстандық он боксшы финалда сайысқа түседі

АСТАНА. KAZINFORM — Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Thailand Open халықаралық турнирінде қазақстандық жеті боксшы финалда сайысқа түседі. 

Таиландтағы турнирде қазақстандық он боксшы финалда сайысқа түседі
Фото: ҰОК

Ерлер құрамасында екі боксшы алтын медальға таласады. Олардың қатарында Төрехан Сабырхан (70 келі) мен Диас Молжігітов (80 келі) бар.

Ал әйелдерде Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.

Финалдық жекпе-жектер 1 маусымға белгіленген.

Халықаралық турнирге ерлер және әйелдер құрамасында барлығы он боксшы барған еді.

Сондай-ақ ел құрамасынан Дулат Бекбауов (65 келі), Данияр Рахымбердиев (90 келі), Бекзат Таңатар (85 келі) мен Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Дәстүрлі турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өткізіліп жатыр. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар