Таиландтағы турнирде қазақстандық тағы төрт боксшы жартылай финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық төрт боксшы жартылай финалға жетті.

бокс
Фото: Бокс федерациясы

Күндізгі сессияда Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) төрешілердің бірауыздан шешімімен жапониялық Сейджуро Мидзогутиді тізе бүктірсе, әйелдерде Гүлназ Бөрібаева (48 келі) украиналық Ольга Шалимовға есе жіберді.

Кешкі сессияда ерлерде Нұрзат Оңғаров (50 келі) Оңтүстік корея спортшысы Таегюн Юнды жеңсе, Дулат Бекбауов (65 келі) қырғызстандық Мұнарбек Сейітбек уулуны, Диас Молжігітов (80 келі) индонезиялық Майхел Роберрду Мускитеде айласын асырды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Төрехан Сабырхан (70 келі) ширек финалда Төрехан филиппин боксшысы Рональд Чавестен басым түссе, Назерке Серік (65 келі), Данияр Рахимбердиев (90 келі) жарысты жалғастыратын болды.

Ал Оразбек Асылқұлов (60 келі) таиландтық Тханпхансакон Каласирге, Даниял Сапарбай (92 келіден жоғары) үндістандық Аншулу Гиллуға есе жіберді.

Дәстүрлі турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өтеді. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар