Таиландтағы турнирде Төрехан Сабырхан жартылай финалға жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшылар Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Төрехан Сабырхан (70 келі) жартылай финалға жетті.

Төрехан Сабырхан
Фото: Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті

Ширек финалда Төрехан филиппин боксшысы Рональд Чавесті төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.Ол екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. 

Айта кетсек, Төрехан жастар және жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы атағын жеңіп алған.

Төрехан былтыр қараша айында Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Сондай-ақ ел құрамасынан Назерке Серік (65 келі), Данияр Рахимбердиев (90 келі) жарысты жалғастыратын болды.

Ал Оразбек Асылқұлов (60 келі) таиландтық Тханпхансакон Каласирге, Даниял Сапарбай (92 келіден жоғары) үндістандық Аншулу Гиллуға есе жіберді.

Дәстүрлі турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өткізіліп жатыр. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар