Такси жүргізуші таксометрді қоспаса, жолаушы тегін жүруге құқылы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана көлікшілері қауымдастығы Қазақстанда танымал WhatsApp мессенджері арқылы шағымдар мен ұсыныстар қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін аталған қауымдастықтың басшысы Медет Құрманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Жолаушылар такси жүргізушісіне шағымданған кезде көліктің артқы есігінің іш жағында жазылған борт нөмірін жіберуі қажет.

«Екі апта ішінде біз оны іске қосатын боламыз. Нөмірді қазір де айта аламын. Ол 8 700 555 7607 нөмірі қазір жұмыс істеп тұр. Бұл ортақ нөмір арқылы такси қызметі көңілінен шықпаған жолаушы шағым жасай алады»,-  деді ол.

Сонымен қатар ол егер сапар барысында такси жүргізушісі таксометрді қоспаса, онда жолаушы діттеген жеріне тегін бара алатындығын айтты.

«Жолаушылар call-центр орталыққа хабарласқан бірнеше дерек тіркелді. Ол кезде аталған жолаушыларға сапар тегін болды», - деді Құрманов.

Соңғы жаңалықтар