Такси жүргізушісінің желаяқтар тобын қалай жапыра қаққаны видеоға түсіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қытайдың солтүстігіндегі Шаньдун провинциясында апат салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жараланды.
None
None

Оқиға 10 шілдеде таңертең ертемен  Шаньдун провинциясындағы Линъи қаласында болған. Апат салдарынан бір адам ажал құшып, екеуі жараланған. Такси рулінде әйел болған. Ол ұсталды.

Қытайда көптеген адамдар келеңсіз жағдайға тек такси жүргізушісі ғана емес, жүгіруді ұйымдастырушылар да кінәлі деп есептейді. Олардың пікірінше, ешқандай ескертусіз трассада осындай шараны өткізгендер  жазалануы тиіс.  

Соңғы жаңалықтар