Таксишілер мәселесі - «Нұр Отан» партиясының бақылауында

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Қызылорда қаласындағы «Нұр Отан» ХДП филиалының қоғамдық қабылдауында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов такси жүргізушілерінің ынталы тобын қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Такси жүргізушілерінің сөздеріне сүйенсек, Салық комитеті қызметкерлері жаңа Салық кодексіне сәйкес жеке жеңіл автокөліктерде жолаушыларды тасымалдау үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, арнайы патент рәсімдеу арқылы жүргізілетіндігін жеткізген. Бұдан бұрын жүргізушілер жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ бір реттік талондарды сатып алу арқылы салық төлеген екен. Сонымен қатар, патенттік жүйені түсіндіру барысында салық қызметкерлері тарапынан 70 мың теңге мөлшеріндегі айлық табыс мысалға алынған. Олардың табатын қаражатынан бұл сома аса көп болғандықтан, бұл көлік тасымалдаушыларын әжептәуір абыржытқан. Басты дәйек ? әр жүргізушіге жеке-дара қатынастың жоқтығы. Кейбіреуінде «су жаңа» шетел көлігі болса, біреуі ескі «Жигулимен» кәсіп қылып жүр. Оның үстіне барлығы тұрақты түрде жолаушы тасымалдаумен айналыспайды. Көпшілігі бос уақытта, анда-санда таксиші болып қосымша табыс табады. Қалыптасқан жағдай такси жүргізушілерінің наразылығын туғызған. Өйткені бұл жеке таксишілердің көпшілігінің өз қызметін амалсыздан тоқтатуына әкеліп соқтырар еді. Ал ол өз кезегінде тұрғындардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына кері әсерін тигізері сөзсіз. Оның үстіне жүргізушілер жеке кәсіпкердің заңдық мәртебесі мен табыс деңгейін ресми бекіту мемлекеттен әлеуметтік көмекті алу мүмкіншілігіне кері әсер етеді деген алаңдаушылықтары бар екенін мойындады. Себебі аз қамсыздандырылғандар санатына жатып келген такси жүргізушілерінің бір бөлігі табыстың артық есептелу салдарынан балалар, тұрғын үй және басқа да жәрдемақылардан қағылуы мүмкін. Кездесу барысында әркез өзектілігін жоғалтпаған жол полициясымен ара-қатынас та айтылмай қалмады. «Бір реттік талондарды кері қайтаруға болмайды ма?» деген сұрақ қойылды. Көпшілікті мазалаған осы өзекті мәселенің анық-қанығына жету үшін Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов барлық тараптарды дөңгелек үстелге басында кездесіп, ымыраға келуге шақырды.Осы мәселемен «Нұр Отан» ХДП ғимаратында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов, Қызылорда облысы бойынша Салық комитеті, Қызылорда облысы ІІД-нің Жол полициясы және Қызылорда облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының бірінші басшылары, такси жүргізушілері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.Депутат ескергендей, қазіргі дағдарыс жағдайында мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі тұрғындарды жұмыспен қамту. Оның үстіне жыл сайын таксиге деген сұраныс арта түсуде. Еліміздің өзге аймақтарына қарағанда, Қызылорда облысында таксиге деген сұраныс едәуір көп. Мысалы, орташа алғанда республикамыздың әрбір 100 тұрғынына 13,2 автокөліктен келсе, Қызылорда облысында ол бар-жоғы 8 автокөлікке жетіп жығылады. Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Жаңа Салық кодексі бірінші кезекте шағын бизнеске салық жүктемесін азайтуды және әкімшілік шараларды жеңілдетуді көздейтінін назарға салды.Дөңгелек үстел барысында такси жүргізушілеріне салық комитетінің қызметкерлері тарапынан жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді. Комитет басшысы патент негізінде салық табыс табу мүмкіншілігі, автокөліктің техникалық жағдайы және жұмыс кестесіне сәйкес есептелетіндігін, сондай-ақ алдында жарияланған сома мысал ретінде келтірілгендігін атап өтті. Осыған дейін таксишілердің салық құжаттамасын жүргізбегендігін ескере отырып, оларға арнайы мамандар бөлінетін және комитет терминалында арнайы «терезе» ашылатын болып шешілді. Жол полициясы басқармасының бастығы такси автокөліктерін мемлекеттік техникалық тексеруден өту тәртібін түсіндіре отырып, төлемнің жылына бір-ақ мәрте, ал техникалық тексерудің жылына екі мәрте өткізілетіндігін айтты. Әрі такси жүргізушілерін жеке мәселелері бойынша қабылдау үшін арнайы уақыт бөлінетіндігін жеткізді. Сонымен қатар басқосуда таксилерге арналған автотұрақ ұйымдастыру, олардың түнгі уақыттарда жарықтандырылуы мен «Такси» белгісінің орнатылуы мәселелері қарастырылды. Мұрат Әбенов салықтың патенттік жүйесі ең алдымен кіші кәсіпкерлік субьектілері, оның ішінде такси жүргізушілері үшін салық жүктемесін жеңілдетуге бағытталғандығын ескертті. Бір мәртелік талондарға қарағанда патент әлдеқайда арзан болып келеді. Оның үстіне, бұл жүйе жинақтаушы зейнетақы қорларына төлемдердің аударылуын қарастырады. Бұл басқа тұрақты жұмыс орындары жоқ азаматтарға өте маңызды. «Елбасы тапсырмасына сәйкес, алдағы уақытта «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының бақылауында тұрған әр түрлі әлеуметтік топтардың өзекті мәселелерін шешуге байланысты нақты іс-шаралар өткізілетін болады, әрі бүгінгі күн талабы мемлекеттік органдардан неғұрлым жариялықты және жедел жұмысты қажет етеді», ? деді депутат .
Соңғы жаңалықтар