Талапкерді грантқа түсіріп беремін деп сыйақы алған Тараз тұрғыны ұсталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - 11 тамызда Тараз қаласының полиция басқармасына Байзақ ауданы Түймекент ауылының тұрғыны алаяққа алданғанын айтып, шағым түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Әйел өз шағымында осы жылдың 28 шілдесінде ұлын Алматы қаласының белді университеттерінің біріне грантқа оқуға түсіру үшін өзінің танысына 500 мың теңге бергенін айтады.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі, яғни, алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі. Нәтижесінде Тараз қаласының тұрғыны анықталып, 31 жастағы ер адам кінәсін толық мойындаған. Тергеу жалғасуда.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл полицейлері Telegram желісі арқылы бірнеше рет алаяқтық жасаған күдіктіні ұстағанын хабарлаған болатынбыз. Әлеуметтік желі арқылы қолма-қол ақша шешіп беруге уәде еткен Қызылорда облысының 25 жастағы тұрғынынан заңсыз әрекеттерді жүзеге асырған екі ұялы телефон тәркіленді.
Интернет алаяқтықты тұрақты табыс көзіне айналдыра отырып, «Жаңатас-Сауда» телеграмм тобы арқылы күдікті азаматтарға пайызсыз бөліп төлеуге 8 пайызбен ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға уәде берген.


Соңғы жаңалықтар