16:23, 06 Маусым 2014 | GMT +5
Талапты бұзған 26 түлектің ҰБТ нәтижелері жойылды - Т.Балықбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талапты бұзған 26 түлектің Ұлттық бірыңғай тест нәтижелері жойылды. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті.
«Өкінішке орай, қауіпсіздік талаптарын бұзған 26 баланы ҰБТ тапсырудан шығарып, олардың нәтижелерін бүгін жойдық»,- деді ол.
Т.Балықбаевтың атап өтуінше, Білім және ғылым министрлігінің арнайы ережесіне сәйкес ҰБТ тапсырғаннан кейінгі күнде апелляцияға беруге болады. Мұндай апелляциялық комиссиялар ҰБТ өткен барлық пункттерде құрылған.
«Соңғы екі-үш күннің нәтижесінде апелляцияға 468 өтініш берілді. Олардың барлығы қарастырылады», - деді вице-министр.