Талдықорған қаласының қысқы маусымға дайындығы тексерілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Қала әкімі Ернат Бәзіл қаланың қысқы маусымға дайындық барысын тексерді. Жауапты мердігер ұйымдарға кей мәселелерді әлі де пысықтау керектігін ескертті.

Талдыкорган
Фото: Талдықорған әкімдігі

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын 644 көше бар. Биыл жол құрылымы мен жаяу жүргіншілер жолағын қардан тазалаумен «Талдықорған Көркейту» ЖШС, «АБС ЛДстрой» ЖШС, «Шығыс-4» ЖШС мен «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС және айналмалы жолдармен «QazAvtoJol» айналысады. Қыс айларында қала ішіндегі және айналма жолдарға төсеуге 5360 тонна құм мен 1600 тоннадан астам тұздың қоры бар. 119 бірлік техника дайындалды.

«Бүгін қаланың қысқы маусымға дайындық барысын көріп, арнайы техникалардың жай-күйін аралап өттім. Барлық жауапты мердігер мекемелердің инертті материалдар қоры мен техникалары да жеткілікті. Алдағы қысқы маусымға толықтай дайынбыз», - деді қала әкімі Ернат Бәзіл.

 

Талдыкорган
Фото: Талдықорған әкімдігі
Талдыкорган
Фото: Талдықорған әкімдігі
Талдыкорган
Фото: Талдықорған әкімдігі

Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл заманауи үлгіде жасақталған авто-шаңсорғыш, экскаватор тиегіш және әмбебап жол машиналары сынды 6 дана техника сатып алынған. 

Еске салайық бұған дейін Жетісу облысы жолдарының қыс мезгіліне дайындығын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар