Талдықорғанда бір топ жігіт жасөспірімді соққыға жыққан
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Қаладағы көпқабатты үйдің бірінде бір топ жігіт жасөспірімді өлімші етіп сабаған. Олардың бұл қылықтары бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Әлеуметтік желіге тараған жайт ақпан айында болған. Әзірге видеоны кім жүктегені жөнінде ақпарат жоқ.

Көптің ашуын тудырған бейнежазбаға қатысты полиция іс қозғады. Құқық қорғау органдары бұзақы топты іздестіру шарасын бастап кетті.
«Полицейлер бір топ жасөспірімнің төбелесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бейнетаспаға түсірілген оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтау үшін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың әрқайсысына қатысты заңды шаралар қолданылатын болады», — деді, Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Бурабай аумағындағы пикник алаңын қиратып кеткен бұзақылар жайлы жазған едік.