Талдықорғанда ер адам әйелді пышақтап өлтірді

АСТАНА. KAZINFORM — Талдықорғандағы асханалардың бірінде жанжал шығып, ол қылмысқа ұласты. Шабуыл салдарынан әйел қаза тапты.

Алматы облысында әкесі қызын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: Kazinform

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің айтуынша, жанжал кезінде ер адам пышақты алып, әйелге бірнеше рет соққы жасаған. Зардап шеккен әйел шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Жетісу облыстық полиция департаментінде оқиға фактісі расталды.

— Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция сондай-ақ өзге ақпараттың ҚР Қылмыстық-процестік кодексі 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтынын нақтылады.

Бұған дейін Ұлытау облысында төрт баласы бар ананы пышақтап өлтіріп кеткен болатын. Отбасын жалғыз өзі асырап отырған әйел күйеуімен ажырасатынын айтқанда, бірнеше жерінен пышақ жарақатын алып, көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар