04:42, 26 Ақпан 2025 | GMT +5
Талдықорғанда өзеннен өтпек болған көліктер мұз астына түсіп кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Оқыс оқиға Жетісу облысы Талдықорған қаласынан 5 км қашықтықта Балықты өзенінде болды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Жетісу облысында Талдықорған қаласынан 5 км қашықтықта демалыс орны маңында өзен арқылы өту кезінде екі жеңіл автокөлік жартылай мұз астына түсіп кетті.
— ТЖМ жедел-құтқару жасағының күшімен көліктер Балықты өзенінің сағасынан жағаға шығарылды. Барлығы 5 адам құтқарылды, медициналық көмек қажет болмады, — делінген хабарламада.
ТЖМ мұз үстімен жүрудің қауіпті екенін ескертеді және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Бұған дейін хабарланғандай, Талдықорғанда «Айгөлек» балабақшасында болған жағдайға қатысты тексеру басталды.