Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол ережесін бұзғандарға айыппұл салады

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Талдықорғанда алғаш рет жедел жәрдем көлігіне бейнебақылау камерасы орнатылды. Заманауи құрылғы ереже бұзғандарды қалт жібермейді.

жедел жәрдем
Фото: Жетісу облыстық жедел жәрдем қызметі

Жетісу облысының жедел жәрдем станциясы қала тұрғындарына қызмет ететін реанимобильге бейнебақылау камерасының орнатылғанын мәлімдеді. Құрылғы жол қозғалысы ережелерін бұзған көліктерді тіркеп, айыппұлдарды автоматты түрде жүргізушіге жібереді. Бұл инновациялық технология бұған дейін патрульдік полиция көліктерінде сынақтан өткен.

айыппұл тіркейтін камера
Фото: Жетісу облыстық жедел жәрдем қызметі

— Камера 360 градустық шолу жасай алады. Алдыңғы және артқы камералардың 4 көріністі түсіруге дейін мүмкіндігі бар. Сондай-ақ көліктің салоны да қосымша камерамен жабдықталған. Мұндай шешім жолдағы қауіпсіздікті азайтып, жүргізушілердің ережелерді сақтауына ықпал етеді, — делінген хабарламада.

жедел жәрдем
Фото: Жетісу облыстық жедел жәрдем қызметі

Еске салайық осыған дейін Талдықорғанда автобусқа орнатылған бейнекамера тәртіп бұзған көліктерді түсіріп алатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар